«Қазақстандық қамту 2.0» халықаралық форумы өтеді

«Қазақстандық қамту 2.0» халықаралық форумы өтеді

Астанада «Қазақстандық қамту 2.0» халықаралық форумы өтеді. Елордалық алаңда тау-кен металлургия кешені мен уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері, инвесторлар және халықаралық сарапшылар бас қосады. Іс-шараға 2000-ға жуық делегат қатысады деп күтілуде. Жиында саланың даму әлеуеті  және жергілікті қамту үлесін ұлғайтуға бағытталған заманауи тәсілдер мен озық халықаралық тәжірибелер талқыланады. B2B және G2B форматындағы кездесулер өткізу үшін диалог алаңдары құрылады. Сондай-ақ форум аясында

Қазақстанда қатты пайдалы қазбаларды жер қойнауын пайдаланушылар сатып алуларынының жаңа талдамалық жүйесі таныстырылады.

Мұрат Амрин,  «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары:
-
Отандық өндірушілердің қолданыстағы және іске асыруға жоспарланған инвестициялық жобалары бойынша барлық ақпаратты шоғырландыру және олардың іске асуын түпкілікті бақылауды күшейту жоспарланып отыр. Инвестициялық жобалардың іске асырылу мәртебесі бойынша барлық ақпарат жер қойнауын пайдаланушылар, мемлекеттік органдар мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы үшін қолжетімді болады. Бұл өндірісті табысты іске қосу мақсатында мемлекеттік қолдау шараларын неғұрлым сапалы бақылауға және әкімшілендіруге жағдай жасайды.