Парламенттік реформа – бірнеше жыл бұрын Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт
Тоқаев бастамасымен іске қосылған ауқымды саяси жаңғыруға бағытталған
қадамдардың бірі. Оның негізінде «Күшті Президент – Ықпалды Парламент – Есеп
беретін Үкімет» концепциясы жатыр. Парламенттік реформа бойынша жұмыс тобы
мүшелерінің айтуынша, бүкіл үкіметтік билік тармағын түрлендіру заң шыңғарушы
органға азаматтардың қызығушылығы мен қалауын жан-жақты жеткізуге мүмкіндік
береді. Ал кең талқы – сапалы құжат дайындауға кепіл болмақ.
Елнұр Бейсенбаев, ҚР Парламенті Мәсіжілісінің депутаты:
– Мемлекет басшысы
2019 жылдан бері ірі саяси реформалардың бірнеше пакетін ұсынып келе жатыр.
Олардың ең негізгісі 2022-ші жылы Президенттің Өкілеттілігі бойынша біраз
реформалар жасалған. Қазіргі Парламенттік реформа соның жүйелі жалғасы. Осы бір
жыл көлемінде ірі талқылаулар өтетін болады. Талқылауларды ашық өткізуге, сондай-ақ
барлық талқылауларда халықтың үнін естуге барлық күшімізді салатын боламыз.
Айдос Сарым, ҚР Парламенті Мәжілісінің
депутаты:
- Біз жыл бойы атқаратын шараларға қатысты жұмыс тобының
ішінде өз регламенттерімізді айқындап, ұсыныстарды жинау тәртібін әзірлеп
қойдық. Бүгіннен бастап бұл маңызды іске Егов, Е-өтініш сияқты үлкен қоғамдық
механизмдер қосылды. Онда азаматтар өз ұсыныстарын бере алады. Осыған орай біз
жұмысымызды мейлінше көбірек талқылау жүргізіп, сапалы құжат жасайтындай етіп
ұйымдастыруымыз керек.

