Қазақстанда әскери дирижёрлер дайындалады

Қазақстанда әскери дирижёрлер дайындалады

Енді Қазақстанда әскери дирижерлер дайындалады. Шығармашылық мамандықты оқыту бойынша офицер кадрлар Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының базасында тәлім алады. Елдің қорғаныс ведомствосының мәліметінше, консерватория мен радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының мамандары бірлесіп арнайы оқу бағдарламасын әзірлеген. Төрт жылдық оқудың артықшылығы әскери және азаматтық жоғары оқу орындарын бітіргені жөніндегі екі диплом алу болып отыр. Оқу орнын аяқтаған түлектер жұмыспен толқы қамтамасыз етіледі. Бұған дейін қазақстандық курсанттар Ресей Қорғаныс министрлігінің әскери университетінде ғана осы мамандық бойынша білім алатын.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?