Қазақстанның бірқатар өңірінде су тасқынына қарсы шаралар жалғасуда. Қазір Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында табиғи апаттың салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Орал қаласында Жайық өзенінің су деңгейі біртіндеп төмендеп жатқаны байқалады. Төтенше Жағдайлар Министрлігінің деректеріне сай, қазіргі уақытта үйлерді су басудың бірде бір оқиғасы тіркелген жоқ.
Асқар Шәріп, ҚР ТЖМ өкілі:
-Осы сағатта республика бойынша 31 112 адам өз үйлеріне оралды. 8 566 адам, оның ішінде 3 718 бала эвакуациялау пунктеріне орналасты. 5 677 тұрғын үй мен 2 584 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. 11,7 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 5,5 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді. Жедел желі телефонына 2 205 қоңырау келіп түсті. Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 32 мыңнан астам адам, 4 мыңға жуық техника, 773 су сору құралы, 294 жүзу құралы, 13 әуе кемесі жұмылдырылды.