Қазақстан іскерлік және инвестициялық ахуалды жетілдіреді

Қазақстан іскерлік және инвестициялық ахуалды жетілдіреді

Қазақстан іскерлік және инвестициялық ахуалды белсенді жетілдіріп келеді. Премьер-Министр инвесторларға қажетті заңнаманы жеңілдетуді және түрлі рәсімдерді жеделдетуді тапсырды. Олжас Бектенов инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Капитал тартуда үш мыңнан астам жобаны біріктіретін және олардың іске асу кезеңдерін - идеядан бастап өндіріс іске қосылғанша толық бақылауға мүмкіндік беретін ұлттық инвестициялық платформа шешуші рөл атқарады. Сондықтан оның іске асырылу қарқынын қадағалау қажет, деп атап өтті Олжас Бектенов. Рәсімдердің ашықтығын арттыруға, шешімдер қабылдауды жеделдетуге және өңірлердегі маңызды жобаларды дербес сүйемелдеуге ерекше көңіл бөлінеді. Жаңа инвестициялар тартуға, өндірісті дамытуға және жұмыс орындарын құруға басымдық беріліп, осы бағыттағы жұмыс күшейтілетін болады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?