Қазақстан үкіметінде елдің транзиттік әлеуеті талқыланды

Қазақстан үкіметінде елдің транзиттік әлеуеті талқыланды

Үкімет Қазақстанның транзиттік әлеуетін талқылады. Басты назар «Жасыл дәлізді» іске асыруға бағытталды. Ол кедендік рәсімдеуді оңтайландырып, шекарадан жылдам өтуге жол ашады. Бұл цифрландыру көмегімен мүмкін болмақ. Осы мақсатпен, қаржы министрлігі кеден сандық жүйесінде шекаралық бақылау мен алдын-ала ақпараттандыру модулін іске қосты. Бұл жүк тасымалының әр түріне сай мемлекеттік бақылау тетіктерін автоматты анықтап, барлық қызметтердің «бір терезе» қағидасымен ұсынылуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, электронды кезек енгізілді. Қытай мен Өзбекстан шекарасында шетелдік құжат үлгілерін автоматты ұсыну қызметі іске қосылған. Қазақстанның қаржы министрлігі «Жіксіз транзит» көпжақты келісім жобасын әзірледі. Оған Өзбекстан тарапы қолдау білдіріп, 2026 жылдың көктемінде іске қосуға уағдаласты. Айта кетелік, соңғы 5 жылда Қазақстан аумағы арқылы өтекен транзит көлемі 20% артқан. Биылғы жыл соңына дейін жүк тасымалы көлемі қосымша 33 млн тоннаға артады деп күтілуде. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?