Парламентте сот жүйесін жетілдіруге бағытталған заң қаралуда

Парламентте сот жүйесін жетілдіруге бағытталған заң қаралуда

Қазақстанда судьялардың жауапкершілігі күшейтіледі. Парламент палаталары бірлескен отырыста сот жүйесі мен судьялардың мәртебесіне қатысты заңға енгізілген өзгерістерді бірінші оқылымда мақұлдады. Конституциялық заң сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияны қайта қалыптастыруға бағытталған. 

Мәселен, сот ісін қарауда заңдылықты өрескел бұзудың әрбір фактісі бойынша судьяға қатысты тәртіптік іс материалдарын тексеруде Сот жюриіне жаңа тетік енгізу көзделген. Бұл осы бағыттағы заң бұзушылықтарға тиімді әрекет етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, олардың кәсіби қызметін бағалау қолданыстағы нормалардағы 1 жыл ғана емес, 3 жылдың жұмыс нәтижесі бойынша жүргізу ұсынылды.  

Нұрлан Бекназаров, ҚР Парламенті Сенатының депутаты 

- Түпкілікті мақсаты ол әділ сот шешімін қамтамасыз ету. Дауларды әділ жолмен шешу. Соған судьялардың біліктілігін арттыру, онымен қоса жауапкершілігін арттыру. Судьялардың қызметіне баға беретін сот жюриі бар, оның қызметіне өзгерістер енгіздік. Яғни, талаптар күшейтіледі.