Қазақстан халқына жолдауы: Парламент депутаттары негізгі басымдықтарды атады

Қазақстан халқына жолдауы: Парламент депутаттары негізгі басымдықтарды атады

Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев цифрландыру мен AI ел дамуының негізгі қозғаушы күші деп атады. Ол өзінің Қазақстан халқына Жолдауында озық технологияларды экономика, әлеуметтік сала, мемлекеттік басқару сынды барлық  жүйелерге енгізу қажеттігін атап өтті. Бұл жерде ауыл шаруашылығы немесе геологиялық барлау салаларын жеделдетіп цифрландыру туралы ғана емес, сонымен қатар шешімдер үлкен деректер мен нақты болжамдар негізінде қабылданатын жаңа экожүйені құру туралы сөз болып отыр. Ел Парламенті депутаттарының пікірінше, мұндай тың қадам елдің технологиялық серпіліске жетелейтін стратегиялық бағыт-бағдарын айқындайды.

Евгений Больгерт, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Бүгінге дейінгі жолдаулардың бәрінде де цифрландыру және жасанды интеллектіні өміріміздің барлық салаларына енгізу тақырыбы үнемі көтеріліп келді. Яғни, бұл біздің мемлекеттік басқару жүйемізде тиімділікті арттыру, деректерді жинақтау үшін жасалады. Оларды жан-жақты талдау және қандай да бір сәйкестендіру үшін деректерге сүйене отырып, негізгі деген салаларды, әлеуметтік секторды одан әрі даму стратегияларын құруға болады.

Президент елдің цифрлық дамуымен қатар, инвестицияларды тартуды да жандандыруға шақырды. Мемлекет басшысы бұл үшін жүйені толығымен жаңартып қана қоймай, салымдардың бағыттары мен олардың көлемін нақты айқындап берді.

Бекболат Орынбеков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Жалпы бүгінгі жолдауға қатысты толық талдау жүргізетін болсақ бұның ішінде Мемлекет басшысы әр сала бойынша тоқтап шықты. Негізгі бағыттарды айқындап берді. Біз оны басшылыққа алып атқаратын боламыз.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?