БҰҰ сарапшылары қазақстандық ветеринарлармен қауіпті инфекциялармен күресу тәжірибесін бөлісті

Біріккен Ұлттар ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының сарапшылары қазақстандық ветеринарлармен аса қауіпті зооноздық ауруларға қарсы жедел әрекет ету тәжірибелерін бөлісті. Мал дәрігерлеріне арналған тәжірибелік тренингте Англия мен Венгрия елдерінің білікті сала мамандары жергілікті әріптестеріне қатерлі инфекциялармен күресудің  тиімді жолдарын көрсетті.

Атап айтсақ,  дезинфекция және биоқауіпсіздік ережелерін сақтау, қауіп-қатер шараларын әзірлеу, індет ошағының себептерін зерттеу және таралу көздерін анықтаудың озық әдістерін ұсынды. Шетелдік сарапшылар жануарларды вакцинациялау іс-шараларын де бөлісті.

Жоба – Қазақстанның ветеринарлық қызметін нығайтуға бағытталған.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?