Парламент депутаттары каникулға кетті

Парламент депутаттары каникулға кетті

Сегізінші сайланған Парламенттің екінші сессиясы ресми түрде жабылды. Қос палата бірлескен отырыста парламенттік каникул жарияланатыны туралы арнайы қаулы қабылдады. Осы сессияда Мәжіліс пен Сенат 179 жаң жобасын қарап, 102-ін құптады. Халық қалаулылары 800 жуық елді мекенді аралап, 2  мыңға тарта кездесу өткізді. 727 депутаттық сауал жолдады. Мәжілістің қоғамдық қабылдау қызметіне 2 мыңнан астам адам жүгінді. Сонымен қатар, сессия барысында депутаттар халықаралық 14 парламенттік ұйым шеңберінде белсенді жұмыс істеді. 257 халықаралық іс-шараға қатысып, 38 шет елдің Парламентімен ынтымақтастықты жүзеге асырды.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

- Қазіргі кезде Парламент қоржынында 71 заң жобасы бар. Депутаттық корпус енді бюджет, салық, құрылыс, су кодекстері бойынша жұмыс істейді. Сонымен қатар, біз мүлде жаңа Цифрлық кодексті күтіп отырмыз. Алдымызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет, есірткімен күрес, дін, сот жүйесіндегі реформалар және басқа да мәселелерге қатысты заң жобалары бойынша ауқымды жұмыс күтіп тұр. Парламент, Үкімет және сарапшылар қоғамдастығы үйлесімді әрі жан-жақты жұмыс істеуі қажет