Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Қара теңізде Каспий құбыры
консорциумының терминалына бет алған үш танкерге жасалған шабуылдарға қатысты
мәлімдеме жасады. Ведомствоның ресми өкілі бірқатар еуропалық мемлекеттердің
елшілерімен шұғыл кездесулер өткенін, сондай-ақ америкалық тараппен және өзге
де шетелдік серіктестермен байланыстар болғанын хабарлады. Тараптар теңіз
жолдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдаудың
маңызына ерекше мән берді. Қазақстан қандай да бір қарулы қақтығысқа қатысушы
болып табылмайды, жаһандық және еуропалық энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға
елеулі үлес қосып келеді. Әрі энергия ресурстарын жеткізуде халықаралық
талаптарды толық сақтайды. Осыған байланысты мәлімдемеде аталған танкерлердің
барлық қажетті рұқсаттары болғанын атап өтілді. Сыртқы істер министрлігі
серіктестерімізді алдағы уақытта осындай оқиғалардың алдын алу мақсатында
бірлескен шаралар әзірлеуге шақырды.

