Франция астанасы Парижде өтетін XVII жазғы Паралимпиада ойындарында 44 спортшы Қазақстан намысын қорғайды. Осы жолы төртжылдықтың басты спорт додасына еліміздің атынан қатысатын спортшылардың саны рекордтық көрсеткішке жетті.
Айта кетейік, Паралимпиада 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтеді. Қазақстан құрамасы 33 лицензия иеленді. Сайыстар 23 спорт түрі бойынша өтеді. Ал, қазақстандық атлеттер соның 9-да өнер көрсетеді. Олардың қатарында пара жеңіл олимпиада, пара-пауэрлифтинг, пара-тхэквондо, пара жүзу, пара дзюдо, пара каноэ есу.
Сонымен қатар, еліміз алғаш рет Паралимпиадада командалық спорт түрлерінен сайысқа түспек. Олар: пара волейбол және командамыз алғаш сынға түсетін – пара үстел теннисі мен пара оқ ату.
Естеріңізге сала кетейік, Тәуелсіздік жылдарынан бері еліміз барлық қатысқан Паралимпиадаларда 7 медаль жеңіп алды. Оның 2 – алтын, 4 – күміс және 1 – қола.