Қазақстанда тұңғыш рет Азия Паралимпиадалық комитетінің Конференциясы өтті

Қазақстанда тұңғыш рет Азия Паралимпиадалық комитетінің Конференциясы өтті

Қазақстан паралимпиадалық қозғалысты дамытуға елеулі үлес қосуда. Бұл туралы Астанада өткен Азия Паралимпиадалық комитетінің Конференциясында Азия Паралимпиадалық комитетінің президенті Маджид Рашед мәлімдеді. Қазақстанда заманауи спорт инфрақұрылымы дамып келеді. Ұлттық Паралимпиадалық жаттығу орталығы жұмыс істейді. Бұдан басқа, республиканың ірі халықаралық жарыстарды ұйымдастыруда табысты тәжірибесі бар. Еліміздің халықаралық беделін одан әрі нығайтудағы тағы бір қадам Астанада Азия Паралимпиада комитетінің Конференциясы мен Бас Ассамблеясын өткізу. Мұндай ауқымдағы іс-шаралар Орталық Азияда алғаш рет өткізіліп отыр. Бірнеше күн бойы әлемнің 45 елінен келген қатысушылар паралимпиадалық спорттағы жаңа пәндерді бекітіп, тәжірибе алмасып, спортшыларды даярлаудың алғышарттарын белгілеуге ниетті.

Маджид Рашед, Азия Паралипиадалық комитетінің президенті:

– Қазақстан - біздің комитеттің мықты серіктестерінің бірі, параспорт саласында ұлттық паралимпиадалық комитеттері қарқынды даму үстіндегі ел. Әрине, Қазақстан тек Азияның бастамаларына қолдау көрсетпейді, елдің әлемдік тәжірибесі бар. Сондықтан осы іс-шараларды Қазақстанда өткізу дұрыс таңдау және дұрыс шешім деп ойлаймын. Конференцияның бірінші күні өтіп жатыр және оның қорытындысы бойынша біз тақырыптарды талқылап, тәжірибе алмасқан кезде біздің бастамаларымыздың болашағы үшін нақты шешімдер қабылданады деп сенемін.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?