Қазақстан құрамасын Қытайда өтетін Қысқы Азия ойындарында 138 спортшы таныстырады

Қазақстан құрамасын Қытайда өтетін Қысқы Азия ойындарында 138 спортшы таныстырады

Қазақстан құрамасы Қытайда өтетін 9-шы қысқы Азия ойындарында сноубордты қоспағанда, 6 спорт түрі бойынша барлық 10 дисциплинаға қатысады. Жарыс 7-14 ақпан аралығында Харбин және Ябулиде өтеді. Ел намысын барлығы 138 спортшы қорғамақ. Олар 51 медаль жиынтығын сарапқа салады. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлайды. Ведомствоның мәліметінше, коньки және шаңғы жарысы бойынша спортшылар бірінші болып өнер көрсетеді. Ал хоккейшілер мен керлингшілер жарысты аяқтайды. Алдағы қысқы ойындардың бағдарламасына коньки және шаңғы спорты, биатлон, керлинг, шайбалы хоккей, ски-альпинизм түрлері енгізілген. Барлығы Азияның 32 елінен мыңнан астам спортшы қатысады деп жоспарланған. Олар  жалпы 64 медаль үшін өзара бақ сынайды.

Ербол Мырзабосынов, ҚР Туризм және спорт министрі:

- Қазақстан құрамасы 1996 жылдан бері қысқы Азия ойындарында үздік төрттік қатарында орын алып келеді. 2017 жылы Саппорода Қазақстан 32 медаль жеңіп алып, жалпы командалық есепте 4-орынды иеленді. 2025 жылы Харбинге баратын делегацияның жартысынан астамы Астана, Алматы қалаларынан және Шығыс Қазақстан облысынан шыққан спортшылар. Ойындарға сапалы дайындық үшін ұлттық құрама 137 оқу-жаттығу жиынын өткізді. Сонымен қатар, спортшылар 86 халықаралық жарысқа қатысты, онда 33 медаль жеңіп алды.

Авторы: Әсел Күшенғалиева

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?