Париж Паралимпиадасының жүлдегері Еркін Ғаббасовты жанкүйерлер Астана
Халықаралық әуежайында шашу, бауырсақ, ән-бимен қарсы алды. Естеріңізге сала
кетсек, спортшы Қазақстан құрамасының қоржынына күміс жүлде салды. Оның 10 метр
қашықтықта мылтықтан оқу ату жарысында мерейі үстем болды. Тек ақтық сында ғана
Еркін Ғаббасов оңтүстік кореялық спортшыға есе жіберді. Үздіктер қатарынан
көрінген спортшымен бірге елге пара ату және жеңіл атлетика бойынша құрамалар
да бірге оралды. Оларды таңсәріде отбасы, туыстары, достары мен әріптестері
күтіп алды.
Еркін Ғаббасов, Париж Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері:
– Әлі қобалжып отырмын.
Мені бұлай күтеді деп ойлаған жоқпын. Эмоция, сезімнің барлығы сол жерде қалып
кетті. Барлығы топта, рейтингте тұрған жігіттер. Олардың барлығы мықты.