Қ. Тоқаев FIDE президенті мен шахматтан әлем чемпионаттарының жүлдегерлерін қабылдады

Қ. Тоқаев FIDE президенті мен шахматтан әлем чемпионаттарының жүлдегерлерін қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық шахмат федерациясының президенті Аркадий Дворковичті қабылдады. Мемлекет басшысы Ұйымның Қазақстан шахмат федерациясына, жаттықтырушылар мен жас спортшыларға көрсеткен қолдауын жоғары бағалады. Кездесуде жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту әлеуетті талқыланды. Аркадий Дворкович Қазақстанда қабылданған шахматты дамытуға арналған Кешенді жоспардың маңызы туралы айтты. Сондай-ақ былтыр қазақстандық шахматшылар FIDE аясында өткен барлық жарыстан ең көп медаль жинағанына назар аударды. Кездесу қорытындысы бойынша Президент Аркадий Дворковичті ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Мемлекет басшысы әлем біріншіліктерінде топ жарған жас шахматшылармен де кездесті. Президенттің айтуынша, олардың жетістіктері халықаралық аренада Қазақстанның мерейін үстем етеді әрі елімізде шахматтың келешегі зор екенін көрсетеді. Ол чемпиондардың биік мақсаттарға ұмтылуы қажеттігін жеткізіп, оларға жарқын жеңістер тіледі. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев шахмат тақтасына естелік жазба қалдырды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?