Өзбекстанда жаңартылатын
энергия көздерінің үлесі артып келеді. Қазір елде бірқатар «жасыл» жоба жүзеге асырылып жатыр. Олардың алтауы және
энергия сақтау жүйесі жобасы Сауд Арабия, Біріккен Араб Әмірліктері, Швейцария
және Қытаймен бірлесіп жасалуда. Өткен жылы аспан асты елімен ынтымақтастық
аясында елде қуаттылығы 500 мегаватт болатын күн фотоэлектрлік станциясы
салынды. Қазір ол жылына 1 млрд киловатт-сағаттан артық электр энергиясын
өндіреді. Бұл Бұхара облысына қажетті қуаттың үштен бірін өтейді.
Бекзод Нарзуллаев, China Gezhouba Group Overseas
Investment компаниясының коровулбозор ауданы бойынша жоба директорының
орынбасары:
- Біз қазір толық 500 мегаватт-сағат энергияны өндіріп
жатырмыз. Бұл жерде екі трасформатор орналастырылған. Іште 57 инвертор блогын
қолданамыз. Миллионға жуық күн панелі орнатылған. Өндірілген қуат жалпы энергия
желісіне жіберіледі.
Дуан Руйбин, Станцияны басқару пунктінің инженері /Қытай/:
- Қазіргі уақытта жабдық электр энергиясының қажетті
көлемін беруді тұрақты түрде қамтамасыз етіп тұр. Жердің ерекшеліктерін зерттей
келе станцияны осында салуға таңдау жасалды. Көрсеткіштер арқылы оның
тиімділігін байқауға болады. Дәл осы жерден жалпы желіге сағатына 500 мегаватт
қуат беріледі. Станция ең заманауи стандарттарды ескере отырып салынған. Оның
Өзбекстанның энергетикалық жүйесін ұзақ жылдар бойы дамытуға қызмет ететініне
сенімдімін.

