Қазақстан Президенті референдумнан кейін белсенді жастармен кездесті

Қазақстан Президенті референдумнан кейін белсенді жастармен кездесті

Қазақстан Президенті «Қазмедиа» орталығында республикалық референдум аясындағы үгіт-насихат науқанына белсенді қатысқан жастармен жүздесті. Жастар бір ай ішінде түрлі форматта 5 мыңға жуық кездесу өткізіп, оған 1,5 миллионнан аса азамат қатысқан. Қасым-Жомарт Тоқаев оларға ризашылығын білдіріп, жаңа Конституция ел болашағына, ең алдымен, жастарға арналғанына назар аударды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Ата заңға волонтерлік қызмет, ғылым, инновация, жасанды интеллект сияқты ұғымдар енгізілгеніне тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Шын мәнінде, бұл күн ел өмірінде мәңгі сақталады. Енді 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленеді. Мен басқа да мемлекеттердің конституцияларымен танысып шықтым. Біздің Конституциямыз ең үздік Ата заңдардың қатарында тұрады деп сеніммен айта аламын.  

Қ. Тоқаев exit poll нәтижелерімен танысты

Кейін Президент республикалық референдум барысында жүргізілген экзит-полл қорытындысымен танысты. Бұдан соң Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеме жасады. Мемлекет басшысы жалпыұлттық референдум аса жоғары деңгейде өткенін, ашық әрі әділ болғанын айтты. Президенттің пікірінше, барлық заң талаптары мен демократиялық нормалар қатаң сақталды. Мұны еліміздің және шетелдің байқаушылары да айтып отыр. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан халқы қолдаған, жаппай дауыс берген Конституция – еліміздің темірқазығы.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Қазақ елі түбегейлі тарихи таңдауын жасады. Халқымызға шынайы ризашылығымды айтқым келеді. Бүгін жұртымыз дауыс беріп, Қазақстанның тарихын, тағдырын айқындады. Бұл шешім дүние жүзі тарихында мәңгі сақталады. Бұл мәселе бойынша ешқандай күмәнім жоқ. Өйткені бұл – азаматтарымыздың бойындағы нағыз отаншылдық нышаны. Қазақстан халқы жаңару мен жаңғыру үшін дауыс берді. Бұл – біздің бәрімізге ортақ жетістік. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?