Қазақстанда 2027 жылдың соңына дейін 1 млн астам тұрғыны бар 3 мыңнан аса
ауылды сапалы байланыс қызметімен қамтамасыз ету жоспарланған. Бұл жөнінде
Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Қазақтелеком» басқармасының төрағасы Бағдат Мусин
баяндады. Компания ел аумағында талшықты-оптикалық желіні жүйелі түрде
кеңейтіп, бүгінде бір жарым млн астам үй шаруашылығына қызмет көрсетеді. Сонымен
қатар, Ақтау – Сумгаит бағытында суасты талшықты-оптикалық байланыс желісін
салу халықаралық жобасы жүзеге асырылуда. Бұл бастама Қазақстанның транзиттік
әлеуетін арттырып, Еуропа мен Азия арасында цифрлық дәліз қалыптастырмақ. Ал Екібастұз
қаласында Деректерді өңдеу орталығы құрылуда. Стратегиялық жоба халықаралық
технологиялық компанияларды тартуға және елдің инвестициялық тартымдылығын
арттыруға жол ашады.

