Қазақстанда хром өңдейтін зауыт салынады

Қазақстанда хром өңдейтін зауыт салынады

Қазақстанда хромды терең өңдейтін зауыт салынады. Ол үшін бұл шикізат қоры мол Ақтөбе өңірі таңдалған. Оған Қытайдың осы саладағы алпауыт компания 500 млн доллар инвестиция құюға дайын. Бұл компания Аспан асты елінде хром өңдеу нарығының төрттен бір бөлігін қамтиды. Тараптар келіссөздер жүргізіп, ортақ келісімге келді. Өндіріс ошағы іске қосылған соң, жылына 200 мың тоннаға дейін дайын өнім шығаруға қауқарлы болмақ. Зауыттың жоғары технологиялық өнімдері ғарыш саласында, машина жасауда, электроника мен химия өндірісінде кеңінен қолданылады. Сондықтан да сарапшылардың айтуынша, бұл жоба тек бір кәсіпорынмен шектелмейді. Оның айналасында жаңа өндірістер пайда болып, тұтас химия-металлургия кластерін қалыптастыру мүмкіндігі тумақ. Сондай-ақ елдің осы бағыттағы экспорттық әлеуеті кеңейеді.

Тан Шуанцюань, Sichuan Yinhe Chemical Co., Ltd. компаниясының атқарушы директоры:

- Қытай қазіргі таңда әлемдік нарықта жоғары технологиялық хромды қайта өңдеу саласының шамамен 50% иеленіп отыр. Мұндай жобаны іске асыру үшін жеткілікті көлемде шикізат қажет. Сондықтан біз Қазақстанды, нақты айтқанда Ақтөбе өңірін таңдаудағы негізгі себептердің бірі осы. Қазақстанда заманауи үлгідегі зауыт салып, жоғары технологиялық өнімді өзге нарықтарға шығаруды жоспарлап отырмыз.

Нұрғазы Ануарбеков, Kazakh Invest ұлттық компаниясының департамент директоры:

- Инвесторлардың тарапынан ТМД елдерінде, Орталық Азия елдерінде жоқ, жалпы әлемде теңдессіз хромды терең өңдеуге байланысты қолданылатын технологиялар елге алып келу жоспарланған. Яғни, ол жобаны іске асыратын болсақ, Қазақстан хромды терең өңдеуден әлемдегі, яғни алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қатарына қосылатын болады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?