Қазақстанда Бейнеу астық терминалы ұзақ үзілістен кейін қайта жанданды. Бүгінде кәсіпорын өзінің алғашқы өнімін шығарып үлгерді. Онда 700 тонна бидай жеткізілді. Оның 75% ұн, қалғаны кебек түрінде шығарылды. Бұл қалдықсыз өндіріс терминалы 26 гектарды құрайды. Ол – Қазақстан-Түрікменстан шекарасына тікелей шығуға мүмкіндік беретін 8 шақырымдық теміржолы және жылжымалы құрамы бар әлеуетті логистикалық хаб. Мұнда бір мезгілде 100 мың тонна астық сақтауға болады. Жаңартылғаннан кейін қуаттылығы тәулігіне 400 тонна ұн және 240 тонна құрама жем беруге дейін ұлғайтылады.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов.

