Қазақстан трансшекаралық өзендерді басқару туралы Конвенцияны
ратификациялады. Тиісті заң жобасына мемлекет басшысы қол қойды. Айта кетейік,
бұл халықаралық құжат бүкіл әлемдегі трансшекаралық өзен, көл және жерасты
суларын әділ және тұрақты бақылау мен басқарудың жаһандық құқықтық механизмін
белгілейді. Бүгінде 37 мемлекет осы Конвенцияның мүшесі. Көршілеріміздің ішінде
Өзбекстан да бар. Айта кетер тағы бір
жайт, Мәжіліс депутаттары жаңа су кодексінің жобасын қарастырып жатыр. Оған
сәйкес, ел экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін суды пайдаланудың
қауіпсіз деңгейін белгілеуді көздейді. Сонымен қатар су саласына қатысты заң
бұзушылықтар үшін жазаны қатаңдату да көзделуде.