Өзбекстанда құрылыс саласы белсенді дамып келеді

Өзбекстанда құрылыс саласы белсенді дамып келеді

Өзбекстанда құрылыс саласы белсенді дамып келеді. Қазір Наманған облысында құрылыс материалдарын шығаратын 1 300-ге жуық кәсіпорын бар. Осыдан 9 жыл бұрын мұндай өндіріс ошақтарының саны жүзден аспайтын. Статистика мәліметтеріне сүйенсек, өнеркәсіптік компаниялардың саны 4 есе, ал өндірістік қуаты 10 есе өсті. Бұл көрсеткіштерге газоблок шығаратын жаңа зауыт сияқты ауқымды жобаларды іске қосу арқылы қол жеткізіліп отыр. Жоспар бойынша кәсіпорын жылына 500 мың текше метр өнім шығарады. Газоблоктарды жасау үшін жасанды материалдар пайдаланылады. Сондықтан олардың салмағы жеңіл әрі экологиялық тұрғыда төзімді болады. Кәсіпорын өкілдерінің айтуынша, зауыт пайдалануға берілгеннен кейін ол Орталық Азиядағы ең ірі өндірістердің бестігіне кіреді.


Окибжон Иномов, Облыс хокимінің орынбасары:


- «Бұл кәсіпорын еркін экономикалық аймақта орналасқан және шамамен 60 миллион доллар инвестиция тартылды. Айта кету керек, ғимарат төбесіне орнатылған күн панельдерінің арқасында кәсіпорын өзін толығымен электр қуатымен қамтамасыз етеді».


Хусан Джабборов, Кәсіпорын директоры:

- «Біздің жобамызға еркін экономикалық аймақтан 8 гектар жер бөлінді. Өнімн жоғары сұранысқа ие. Ұзақ жыл пайдалануға болады. Осы арқылы ол бірегей өнім. Газоблоктар жаз күндері суықты, ал қыста жылуды сақтайды. Келесі айдан бастап біз өнімді жергілікті нарыққа шығара бастаймыз».

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?