Мал шаруашылығы саласындағы қазақстандық 19 компания өз өнімдерін Өзбекстанға экспорттайды. Тиісті келісімдерге еліміздің Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің Ташкентке сапары кезінде қол жеткізілді. Онда Түркі мемлекеттері және Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің ведомстволары басшыларының кездесуі өтті. Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, бүгінде Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдау мен жеткізуді ұлғайтуға толық мүмкіндік бар. Сондай-ақ біздің Республика жоғары өңделген тауарлардың экспортын арттыруға мүдделі. Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық 37 кәсіпорын Өзбекстанға мал шаруашылығы өнімін экспорттап келді.