Қазақстан мен Жапония жалпы құны 3 млрд 700 млн доллар болатын 60-тан астам
құжатқа қол қойды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Токиоға ресми сапарының
қорытындысы. Мемлекет басшысы «Орталық Азия - Жапония» бизнес-форумында қол
жеткізілген уағдаластықтар жаңа инвестициялық жобаларды іске қосуға және екі
елдің компаниялары арасындағы іскерлік байланыстарды кеңейтуге негіз болғанын
атап өтті. Сондай-ақ, кәсіпкерлер жасыл даму, цифрлық трансформация әлеуетін талқылады.

