Мәжіліс үш жылдық республикалық бюджетті қабылдады

Мәжіліс үш жылдық республикалық бюджетті қабылдады

Қазақстанда 2026-2028 жылдарға арналған үш жылдық республикалық бюджет бекітілді. Мәжіліс тиісті заңды қабылдады. Құжатта өсімнің тұрақты қарқыны мен инфляцияның тежеуін болжайтын базалық сценарй қамтылған. Мәселен, үш жылда жалпы ішкі өнімнің орташа жылдық өсімі 5,3% деңгейінде болады деп күтілуде. Ал инфляция 2028 жылға қарай 5-7% дейін қысқармақ. Алдын-ала есептеулерге сәйкес, келесі жылы бюджет кірісі 19 трлн теңгеден асып жығылса, 2028-ші жылы 23 трлн теңгенің шамасында айналады. Жоба Ұлттық қордан қосымша нысаналы трансферттерсіз жасалды. Депутаттар бұны Қазақстан экономикасының қаржылық дербестігі мен орнықтылығын айғақтайтынын алға тарып отыр. Әдеттегідей, бюджеттің әлеуметтік бағдары сақталады. 2026 жылы халықты қолдауға шамамен 11 трлн теңге бағытталмақ. Өңірлерде жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін «Бәйтерек» холдингінің қайтарымды қаржыландыруы арқылы экономиканың нақты секторын демеу шаралары да кеңейтіледі. Жалпы алдағы 3 жылда облыстарды дамытуға 581 млрд теңге қарастырылған.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

- Біз барлық іс-қимылымыз Мемлекет басшысының «Қуатты өңір - қуатты ел» қағидатын нақты жүзеге асыруға бағытталуы тиіс екенін түсінуіміз керек. Назар аударуды қажет ететін басқа да маңызды бағыттар бар. Бұл мемлекеттік борыш, инвестициялық жобаларды іске асыру, өңірлердің арасындағы инфрақұрылымдық теңгерімсіздікті қысқарту және тағы басқа да мәселелер.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?