Дүниежүзілік банк Қазақстанға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын. Бұл туралы еліміздің Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров пен Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орта Азия аймағы бойынша Вице-президенті Анна Бьердемен кездесу барысында белгілі болды. Тараптар бүгінгі таңда бәсекелестік саясатын жетілдіру, қаржы секторын дамыту, агломерация туралы жаңа заң дайындау және адами капиталды дамыту мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жалғасып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, Әлібек Қуантыров Дүниежүзілік банктің әділ өсу, қаржы және институттар мәселелері бойынша вице-президентімен кездесу өткізді. Индермит Гилл жаһандық үрдістер аясында Қазақстан экономикасының өсу динамикасы оң аймақта қалып отырғанын атап өтті.