Өзбекстанда энергетика саласын сақтандыру тетіктері пысықталды

Өзбекстанда энергетика саласын сақтандыру тетіктері пысықталды

Өзбекстан астанасында энергетикадағы тәуекелдерді сақтандыру мен басқару бойынша FAIR халықаралық форумы өтті. Іс шараға 20-дан астам елдің брокерлік және сақтандыру компаниялары мен 50 халықаралық ұйымның өкілдері қатысты. Сарапшылық орта тәжірибе алмасу мен саладағы мәселелерді бірлесе шешуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, осындай басқосулар Таяу Шығыс, Азия және Еуропа елдерімен инвестициялық қарым-қатынастың халықаралық байланыс көкжиегін кеңейтеді. Алқалы жиынға қатысқан 100-ден астам өкіл осындай ортақ тиімді мүмкіндіктерді өзара пысықтады. Пікір алмасты. Сарапшылар қазір энергия секторы жаһандық экономиканың негізгі қозғаушы күші деп отыр. Сала әртүрлі көздерді барлау, өндіру, тасымалдау, сақтау мен тарату жұмыстарын қамтиды. Олар үлкен тәуекелдерге тап болады. Сақтандыру - энергия секторының тұрақтылығын қолдау тетігі. Мамандар саланы белсенді дамыту кезеңін өткеріп жатқан Орталық Азия аумағы үшін бұл тақырып өте өзекті деп отыр.


Ойбек Халилов, Сақтандыру нарығының кәсіби қатысушылары қауымдастығының төрағасы /Өзбекстан/:


- Бұл тек біз үшін ғана емес, сонымен қатар FAIR форумы үшін де өте маңызды іс шаралардың бірі. Себебі энергетика секторындағы сақтандыру мен тәуекелдерді басқарудың соңғы өзгерістері мен маңызды мәселелері талқыланады. Қатысушыларды Өзбекстанға шақырғанымызға өте қуаныштымыз. Себебі қазір көптеген жұмыстар, әсіресе энергетика саласындағы инвестициялық жобалар Өзбекстанда жүзеге асырылуда. Бұл - экономиканың қарқынды өсуі мен ірі инвестицияларды тартудың жемісі.


Сергей Гаврилов, Сақтандыру компаниясы басқарма төрағасының орынбасары /Қазақстан/:

- Біз Өзбекстанмен және елдің сақтандыру нарығымен бұрыннан тығыз әрі жемісті жұмыс істеп келеміз. Іс шара барлық негізгі серіктестерді бір алаңда жинап, ағымдағы мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді. Болашақ жобаларды, елдер мен компаниялар арасындағы өзара іс қимылды жоспарлауға ықпал етеді. Осы арқылы біз қазір көптеген мүмкіндіктерге қол жеткізіп отырмыз.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?