Қазақстан Президенті әкімдердің өңірлерді дамуы туралы баяндамаларын тыңдады

Қазақстан Президенті әкімдердің өңірлерді дамуы туралы баяндамаларын тыңдады

Мемлекет басшысына өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты негізгі көрсеткіштер туралы есеп берілді. Президент телефон арқылы Атырау, Жамбыл, Маңғыстау және Ұлытау өңірлері әкімдерінің баяндамасын тыңдады. Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтарды дамытудың жаңа тәсілдері қажет екенін ескертіп, облыстардың экономикалық әлеуетін арттыру үшін нақты шаралар қабылдауды, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының құрылысын жеделдетуді тапсырды. Сонымен қатар «Таза Қазақстан» акциясы аясында ауқымды жұмыс жүргізу міндетін жүктеді. Бұдан бөлек, азаматтармен ұдайы байланыста болып, туындаған түйткілдерді уақтылы шешу қажеттігіне айрықша назар аударды. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?