Мемлекет басшысы ЕЭК алқасының төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы ЕЭК алқасының төрағасын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) алқасының төрағасын қабылдады. Кездесуде Президент Бақытжан Сағынтаевты қызметіне кірісуімен құттықтады. Сонымен қатар ЕЭК қызметінің басым бағыттары және оны одан әрі дамыту перспективасы, сондай-ақ Қазақстан мен комиссия арасындағы өзара ықпалдастықтың жай-күйі туралы баяндаманы тыңдады. Тараптар 2030 және 2045 жылдарға дейінгі «Еуразиялық экономикалық жол» декларациясын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу, сондай-ақ биыл мамыр айында Мәскеуде өтетін Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің мерейтойлық отырысына дайындық мәселелерін талқылады.