Өзбекстан «жасыл» энергетиканы дамытуда

Өзбекстан «жасыл» энергетиканы дамытуда

Өзбекстанда «жасыл» энергетика саласындағы ірі жобалар жүзеге асырылуда. Тек соңғы жылы ғана Наманган облысында өңірдің жылдық жалпы энергия тұтынуының шамамен 60% жаңартылатын энергия көздері өндірген. Олардың бірі – Нарын өзенінің бойында іргесі қаланған алғашқы каскадты су электр станциясы. Бүгінде оның құрылысының бірінші кезеңі аяқталды. Жоба құны 428 млн доллардан асады, қуаты 228 Мвт құрайды. Республикада алғаш рет жаңа энергетикалық нысанға көлденең капсулалық гидроагрегаттар енгізілді. Сатылы жүйе энергия тапшылығы кезінде қуаттың теңгерімділігін сақтауға септеседі. Жоба 450 мыңнан астам үй шаруашылығын баламалы қуат көзімен қамтамасыз етуге қабілетті. Бұл елге жыл сайын 290 млн текше метрге жуық табиғи газды үнемдеуге мүмкіндік береді. Барлығы бұндай алты станция салу жоспарланып отыр.

Жалолиддин Хушвахтов, Маман:

- Оның құрылысы қысқа мерзімде іске асырылғанымен өте сапалы атқарылды. Осы уақытқа дейін жобаның аясында су қабылдау және бұру нысандары, сондай-ақ жеткізу арналары салынды. Негізгі шаруа келісілген жоспар бойынша жүргізілді. Құрылыс-монтаж жұмыстарына 1200-ден астам маман қатысты. Сонымен қатар, екінші және үшінші ГЭС-терде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?