Астанада Премьер-министр Олжас Бектенов «Эгмонт» тобының атқарушы хатшысы Жером
Бомон жаһандық қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы өзара іс-қимылды
одан әрі нығайту мәселелерін талқылады. Тараптар Қазақстан Президентінің Ұйым
төрағасымен келіссөз барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру
жөніндегі бірлескен қадамдарға да тоқталды. Сондай-ақ, кездесуде кірістерді
заңсыз шығаруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы өзара іс-қимыл тетіктері
қарастырылды. Жером Бомон Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды жоғары
бағалады. «Эгмонт» тобы әлемнің 182 юрисдикциясын біріктиіреді. 2023 жылдан бастап Қазақстан оның
құрылымында өңірлік өкіл қызметін атқарады.

