Қазақстанда Наурызнама онкүндігі аяқталды

Қазақстанда Наурызнама онкүндігі аяқталды

Бүгін Қазақстанда Наурызнаманың соңғы күні атап өтілуде. Еске салайық, 14-23 наурыз аралығында елімізде қазақстандық мәдениеттің алуандығы мен ортақ қоғамдық құндылықтарды көрсететін күнделікті жеке тақырыптарға бағытталған іс-шаралар өтті. 23 наурыз - Қазақстанда Тазару күні атап өтіледі. Ол экологиялық теңгерімнің және қоршаған ортаға ұқыпты қараудың маңыздылығын насихаттайды. Жалпыұлттық экологиялық акция Алматыда да ұйымдастырылды. Мегаполис көшелерінде 19 мың ағаш отырғызылады. Бұл ауқымды істің бастамасы ғана. Жыл соңына дейін қалада жарты миллионнан астам көшет - жөке, қарағай, шаған, шырша және күміс түстес үйеңкі отырғызылады. Ал 2030 жылға қарай қалада тағы 2,5 миллион ағаш пен бұта отырғызу жоспарланған.

Айнұр Сейлхан, Эколог, халықаралық сарапшы:

- Үйеңкі тез өсіп, күтімді аз қажет ететін ағаш, сондықтан қалалық алаңдарда ең көп таралған. Шырша мен емен 12 ай бойы көмірқышқыл газын сіңіріп, ауаны сүзгіден өткізеді. Терек жақсы өседі, әсіресе мезгілдік мамықты типтерін таңдаса. Ал ағашардың ішінен 99% сіңіретін қатты уытты улы заттарды ауадағы сіңіретін  ағаштың түрі ол жөке

Жақан Түгелбаев, Алматы қаласының тұрғыны:

- Соңғы кездері Алматы қаласында көгалдандыру және ағаш отырғызу бойынша үлкен жұмыс жүргізіліп жатқанын көріп жүрміз. Мен осындай бастаманың қала экологиясын жақсартқанына, әсіресе жазғы ыстықта ағаш саясының көбейетініне қуаныштымын. Ағаш отырғызу болашақ ұрпақ үшін өте маңызды. Өйткені біз отырғызған көшетті немерелеріміз, балаларымыз пайдаланатын болады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?