Қазақстан Президенті Ресейдің Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысын қабылдады

Қазақстан Президенті Ресейдің Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысын қабылдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Сергей Шойгуды қабылдады. Кездесуде екіжақты ынтымақтастық пен өңірлік қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы елдеріміз арасындағы қарым-қатынастар қарқынды дамып, нығайып келетінін айтты. Ресейдің Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының Қазақстанға жасаған сапары елдер арасындағы ықпалдастыққа шолу жасап, өзара іс-қимылдың жаңа бағыттары бойынша келісімге келуге оңтайлы мүмкіндік беретінін жеткізді. Өз кезегінде Сергей Шойгу өңірлік қауіпсіздікке қатысты өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік жасағаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 

- Елдеріміздің экономикалық байланыстары табысты ілгерілеп келе жатыр. 171 жоба бойынша уағдаластыққа қол жеткіздік. Оның ішінде 50-ден астам жоба жүзеге асырудың соңғы кезеңіне жетті. Бүгінде Ресей Қазақстан экономикасының негізгі инвесторларының біріне айналды. Мемлекеттеріміздің құқық қорғау органдары, әскери ведомстволарының арасындағы байланыс та ойдағыдай өркендейді деп санаймын. 

Сергей Шойгу, Ресей Федерациясның Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы: 

- Бауырлас халықтарымыздың, елдеріміздің арасында қалыптасқан қарым-қатынасқа үнемі жоғары деңгейде қолдау көрсетіледі . Тауар айналымы мен бірлескен жобалардың ауқымы қомақты. Әрине, біздің байланыстарымыз тек екіжақты қарым-қатынаспен шектелмейді. Біз Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы, ТМД және Еуразиялық экономикалық одақ аясында жұмыс атқарып келеміз. Қазақстанның бастамасымен қолға алынған жобалар табысты әрі белсенді іске асып жатыр. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?