Қазақстанда тұңғыш Көлік ғылымдары мен технологиялары институты құрылды. Жол, көлік және логистика саласын зерттейтін жаңа ғылыми орталық Алматыда орналаспақ. Институт көлік инфрақұрылымын жақсарту және транзиттік әлеуетті арттыру үшін жұмыс істеуі тиіс. Бүгінде Қазақстан арқылы 11 халықаралық дәліз өтеді. Оның 6 автожол, 5 теміржол. Олардың барлығын қоса ептегенде ұзындығы шамамен 157 мың шақырым жол шықпақ. Теміржол желісі 15 мың шақырымды құрайды. Міне, жаңа орталық осы жолдардың беріктігін арттыруға, климатқа бейімделген технологияларды қолдануға жағдай жасауға әрі көлік жүйесін цифрлық басқаруға енгізуі тиіс. Сарапшылар бұл Еуразиядағы ірі көлік хабын жасауға нақты ғылыми негіз болатынын айтады.
Ақылбек Күрішбаев, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті:
- Институттың негізгі мақсаты әрбір зонаға Қазақстанға бейімделген жол салу
технологиясын қалыптастыру. Екінші жаңа материалдарды жасау, жаңа
конструкцияларды жасау. Осындай жұмыстарды жолға қойып, қолға алатын болсақ, Мемлекет
басшысының тапсырмасын сапалы орындаймыз.

