Колумбияда тоғызқұмалақ федерациясы ашылды

Колумбияда тоғызқұмалақ федерациясы ашылды

Тоғызқұмалақ әлемде танымал болуда. Зияткерлік ойынға жас ерекшеліктеріне қарамастан, көптеген елдерде қызығушылық  артып келеді. Тіпті Латын Америкасында қазақтың ұлттық ойынына арналған Федерация құру туралы шешім қабылданды. Мұндай ұйғарым Колумбияның Кали қаласында өткен құрылтай жиналысында қабылданды. Онда тоғызқұмалақтан II халықаралық жарыс өтті. Өздерінің логикасы мен тапқырлығын тексеруге 10 елден – Бразилия, Мексика, Эквадор, Аргентина, Чили, Гватемала, Панама, Венесуэла, Германия және, әрине, Қазақстаннан – 50-ге жуық спортшы жиналды. Жарыс классика және рапид сияқты екі бағытта өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар ұлттық мұраны тек ел ішінде ғана емес, шетелде де насихаттауға мүмкіндік береді.

Оскар Фахардо, Латын Америкасындағы тоғызқұмалақ федерациясы президенті

- Біз Латын Америкасында тоғызқұмалақ бойынша Федерация құрғанымызға қуаныштымыз. Бұл қазақ ойыны бізге қатты ұнады. Тоғызқұмалаққа қызығушылық танытушылар қатарының артқанына қуаныштымыз. Болашақта номадтардың басқа да ұлттық ойындарын игере аламыз деп үміттенеміз.

 

Әкім Тұрсын, Тоғызқұмалақ федерациясының президенті:

- Латын Америкасының 25 жылға көшпелі астанасы ретінде осы КАли қаласын қойды. Жылда өздері әр елге осылай қалаларын қойып отырып, тоғызқұмалақты дамытамыз деген жақсы ниет білдіріп отыр. Біздің тараптан осы ұлттық ойынымызды қолдау үшін келдік осы Латын америкасында жұмыстарды жасап жатырмыз. 

 

Адам бойында ұтқырлық пен тапқырлық қасиетін ұштап, математикалық ойлау мен төзімділікке баулитын қазақтың ойыны Еуропада да танылды. Чехия, Франция, Швейцария және Латвия сияқты елдерде тоғызқұмалақ кең таралған.  Ал Қазақстанда тоғызқұмалақ ұлттық мақтанышқа айналды. Бүгінде 200 мыңнан астам адам бұл ойынмен шұғылданады. Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы ЮНЕСКО шешімімен тоғызқұмалақ адамзаттың мәдени мұрасы тізіміне енді.

 Әсел Күшенғалиева

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?