Тәуелсіз Қазақстанның Ата заңына биыл 30 жыл толады. 1993 жылы алғашқы Конституция қабылданды. Тек 1995 жылы бүкілхалықтық референдум арқылы елдің қазіргі басты құжаты бекітілді. Соңғы түзетулер осыдан 3 жыл бұрын енді. Референдум арқылы Конституцияның үштен бір бөлігі өзгертілді. Қазақстан суперпрезиденттік басқару формасынан күшті парламенті бар президенттік формаға көшті.
Аман
Мәмбетәлиев, Саясаттанушы:
- Біз қазірдің
өзінде осы реформалардың жемісін заң шығарушылыққа қолжетімділіктен көреміз,
жаңа партиялар саны артып, бәсекелестік туды. Екінші сәт - бір мандатты мүшелер
мүмкіндігінің пайда болуы. Осы құралдардың барлығы біздің дамудың демократиялық
жолына көшуге ұмтылысымызды көрсетеді.
Түзетулер
әсіресе, әкімшілік жүйедегі құқықтық саланы кеңінен қамтыды. Адам құқығы
жөніндегі уәкілдің мәртебесі бекіді. Конституциялық сот құрылды.
Үнзила Шапақ, ҚР Парламенті мәжілісінің
депутаты:
- Омбудсмен
Конституциялық сотқа жүгіну құқығына ие болды. Демек, енді біздің бақылауымыз
бойынша, Конституциялық сотқа жүгіну деректері бар. Демек, белілі мәселелер
бойынша адам құқығын қорғау механизмі күшейтіліп жатқанын байқаймыз.

