Былтыр Қазақстанда 400-ге жуық кино шығарылды

Қазақстанда 2023 жылы 400-ге жуық фильм шығарылды. Бұл 1 жыл бұрынғымен салыстырғанда 56 картинаға көп. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, отандық туындылардың басым көпшілігі – қысқа метражды және ширек бөлігі – толық метражды. Айта кетер тағы бір жайт, отандық картиналар көрермен арасында жоғары сұранысқа ие және шетелдік картиналармен бәсекеге түсіп жатыр. Мәселен, былтыр кинотеатрлардағы қазақстандықтар барған сеанстардағы отандық кино үлесі жартысына таяп қалған. Жалпы, қазақстандық киноөндіріс қарқынды дамып келе жатқанын статистикалық мәліметтерге сүйену арқылы да білуге болады. Мәселен, 2022 жылы кино түсірумен 67 компания айналысса, былтыр ондай шығармашылық ұжымдардың саны 100-ге жеткен.