Ақтөбе өңірінің тасқыннан зардап шеккен аудандарында 600 тарта үйдің құрылысы басталды

Ақтөбе өңірінің тасқыннан зардап шеккен аудандарында 600 тарта үйдің құрылысы басталды

Ақтөбе өңірінде 600 тарта үйдің құрылысы басталды. Бұл жаңа баспаналар су тасқыны салдарынан қатты зардап шегіп, қалпына келтіру мүмкін болмайтын  үйлердің тұрғындары үшін салынып жатыр.

Сондай-ақ тұрғынжайларды жөндеу жұмыстары да жоспарланған. Облыстық құрылыс басқармасы мамандары берген мәліметтерге сай дайын үйлерді сатып алу құны 21 млн 700 мың теңгеден аспауы керек.

Думан Жалғасбаев, құрылыс компаниясының  директоры:

– Су тасқынынан зардап шекен халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету қамында қазіргі таңда құрылыс жұмыстары басталды. Осы ауылда 10 шақты мердігер жұмыс бастап кетті. Біздің фирма бұл жерде 8 үй салуды жоспарлап отыр.  

Ержан Мұздыбаев, Құрылыс басқармасының басшысы:

– Қазіргі таңда 199 пәтер сатып алу мүмкіндігі қарастырылуда. 600 пәтер жөндеуді қажет етеді. Өңірдің Ойыл ауданындағы Қаратал ауылында ескі үйлерді бұзу жұмыстары басталып кетті. Сонымен қатар, Әйтеке би ауданында үйлерді сатып алу тетіктері пысықталуда. Бүгінде 9 үй дайын.