Қазақстандық оқытушылар AI-технологияларды меңгеруде

Қазақстандық оқытушылар AI-технологияларды меңгеруде

Қазақстанның мәдениет пен өнер саласының мамандары сандық дағдыларын жетілдіруге кірісті. Алматыдағы Қазақ ұлттық консерваториясында «АІ және цифрлық құралдар» арнайы курстары басталды. Оның аясында оқытушылар жаңа технологияны сабақта, шығармашылықта, ғылыми зерттеулерде және басқаруда тиімді қолданудың тың әдістерін үйренеді. Сабақтардың барысында тәжірибелік дағдыларға басымдық беріледі. Курс соңында қатысушылар өздері әзірлеген екі оқу бағдарламасын ұсынып, өнер мен білім саласында жаңа тәсілдерді енгізуге үлес қосады. Мәселен, жасанды интеллект көмегімен домбыра үнін танып, дыбысты нотаға түсіреді.  

Гаухар Тасбергенова, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры:

- Біз тәрбие, шығармашылық, ғылым сынды өнер саласына қатысты бес бағытта тәжірибе бөлісеміз. Оқу бағдарламасы әр адам үшін ойластырылған. Яғни, жарты жыл бойы екі университеттегі әріптестеріміз консерватория үшін арнайы бағдарлама әзірледі. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?