Агробиология, медицина, суды пайдалану, «жасыл» энергетика, әлеуметтік ғылымдар. Қазақстан мен Германия ғалымдары аталған маңызды бағыттарды зерттеу жұмыстарын бірлесе жүргізбек. Осы мақсатта Алматыда ғылыми-зерттеу орталығы жұмыс істей бастайды. Орталық жақында іске қосылды. Өзара іс-қимылдың негізгі мақсаты – жас ғалымдарды қолдау, үздік тәжірибелермен алмасу және қазіргі заманғы мәселелердің шешімдерін іздеу. Сарапшылардың айтуынша, орталық Қазақстан мен Орталық Азияны қамтитын ғылыми желідегі байланыстырушы буын болуы тиіс.
Ләззат Ералиева, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Ғылым академиясының вице-президенті:
– Бұл орталық бүкіл Орталық Азиядағы зерттеулерге жетекшілік ететін болады. Алдағы үш жылға екі басты бағыт айқындалды бұл – климаттың өзгеруі және су ресурстары саласындағы зерттеу. Біз қазан айында Қазақстан-Қытай орталығын ашып, әдістемелік бөлім Ғылым академиясында, ал зертхана университетте шоғырландырылады.