Қазақстанда Qolda жаңа тілдік-визуалды моделі іске қосылды

Қазақстанда Qolda жаңа тілдік-визуалды моделі іске қосылды

Қазақ тіліндегі мәтінмен ғана емес, бейне және дыбыспен де жұмыс істей алатын жасанды интеллект. Назарбаев Университетінің әзірлеушілері медиа, ғылым және құқық саласындағы жасанды интеллект көмекшілерін таныстырды. Олардың бірі - Qolda тілдік моделі. Жоба қазірдің өзінде пайдалануға берілген және оны тек суперкомпьютерде ғана емес, кәдімгі смартфон мен ноутбукте қолдануға болады. Сарапшылардың айтуынша, мұндай технологияларды дамыту қазақ тіліндегі сапалы сандық контентті ұлғайтуға және отандық АІ-жүйелер жасақтауға мүмкіндік береді.


Ербол Әбсалямов, Nazarbayev University жанындағы ISSAI атқарушы директоры:

- Интернетте қазақ тіліндегі контент пен ашық деректер аз, қазіргі қолда бар көлемі шектеулі, біздің мақсатымыз осы жоба арқылы адамдарды цифрлық әлемде қазақ тілін көбірек пайдалануға ынталандыру. Яғни, біз интернетте қазақ тіліндегі сандық ізімізді неғұрлым көп қалдырсақ, соғұрылым қазақ тілінде жоғары сапалы, баршаға қолжетімді деректер көбейе түседі және біздің жасанды интеллект әзірлеушілеріне қазақ тілін жақсы түсінетін және қатесіз сөйлейтін модельдер мен AI агенттерін жасау оңайлай түседі.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?