Өскемендік 97 жастағы соғыс ардагерінің тарихы

Өскемендік 97 жастағы соғыс ардагерінің тарихы

Көзі тірі ең жас соғыс ардагерлерінің бірі Шығыс Қазақстан облысында тұрады. Өскемендік майдангер биыл 97 жасқа келді. Михаил Головатюк әскерге небәрі 16 жасында шақырылған. Бозбалалық шағы қиын қыстау кезде өтіп, ерте есейуге тура келгенін айтады. 1943 жылы өзімен шамалас бір топ жігітпен бірге Иркутск пен Байкал көлін жалғайтын теміржол құрылысына атсалысады. Ал, 1944 жылы көзге түскен жігерлі жас мергендер мектебіне оқуға жіберіледі. Қазақстандық жауынгер Ұлы жеңісті Маньчжурияда қарсы алды. Ғасырға тарта ғұмыр кешкен қария әлі тың, қимылы ширақ. Ол салауатты өмір салтын ұстанып, қоғамдық шараларға белсене араласады. Өскелең ұрпаққа қайырымды, ісіне адал, сертіне берік болып өскенін тілейтінін жеткізді


Михаил Головатюк, Ұлы Отан соғысының ардагері:

- Жақсылық пен барлық істеріңе сәттілік тілеймін! Амандық пен береке болсын! Игілікке қол жеткізу үшін адал, адамгершілігі мол, отанын сүйетін азамат болу қажет. Содан кейін аянбай еңбектену керек. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?