Мемлекет басшысы Нидерланд Корольдігінің Премьер-Министрімен кездесті

Мемлекет басшысы Нидерланд Корольдігінің Премьер-Министрімен кездесті

Нидерланд Премьер-Министрінің сапары Астана мен Амстердам арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамытуға тың серпін береді. Қасым-Жомарт Тоқаев Марк Рюттенің Қазақстанға жұмыс сапары туралы осылай деді. Өз кезегінде Марк Рютте екіжақты серіктестік деңгейін жоғары бағалады. Сондай-ақ ол Қазақстан мен Нидерландтың ықпалдастығын одан әрі жандандыру қажет екенін айтты. Келіссөз барысында сауда-экономикалық, энергетикалық және инвестициялық ынтымақтастықты, сондай-ақ көлік, инновация, атом энергетикасы, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, климат, су ресурстарын басқару салаларындағы байланыстарды нығайту жолдары егжей-тегжейлі талқыланды. Еуропа Одағымен ықпалдастық аясындағы диалогты жалғастыру маңызды екеніне назар аударылды. Айта кетейік, Нидерланд – Қазақстан экономикасының ең ірі инвесторы.  Оның   Қазақстанға құйған тікелей инвестициясы 120  миллиард доллардан астам.