Түркі мемлекеттері жас буынды роботехника баулуға күш
біріктірмек. Биылғы бесінші «Robotek Grand Tournament Astana 2026» халықаралық чемпионаты «TurkTime» бастамасы
аясында өтті. Мұнда Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан,
Түркіменстан және Тәжікстанның ең үздік
робототехниктері бас қосты.
Санжар Шалқарбеков, Robotek Grand Tournament Astana 2026 ұйымдастырушысы:
- Мұның барлығы Қазақстанның инновациялық технологиялық
күн тәртібіндегі рөлінің күшейгенін көрсетеді. Мемлекет басшысының «TurkTime»
бастамасы аясында ұйымдастырылған мұндай чемпионаттар елдер арасындағы білім
берудегі интеграцияға, жас буынның мәдени ықпалдастығына оң әсерін тигізеді. Мұндай
бірлік пен ынтымақтастық нәтижесінде үлкен масштабты бастамаларға жол ашылады,
робототехника Орталық Азия елдерінің қоғамдық дамуына, болашақтағы экономикалық
жетістігіне негіз бола алады.
Қатысушылар робот жарысы, заттарды сұрыптау,
кедергілерден өту, дәлдік тапсырмалары мен инженерлік жобалар тәрізді 9 бағытта
сынға түсті. Жарыста 9 бен 17 жас аралығындағы 220-ға жуық команда бақ сынасты.
Оның 45-і шетелден келген.
Махаммад Самадли, робототехника жаттықтырушысы, Әзербайжан:
- Бұл Әзірбайжан туы бар біздің робот, және бұл роботтың бір ерекшелігі ол өте қарапайым болып табылады. Біз ең қарапайым нәрсе - ең жетілдірілген нәрсе екенін білеміз, сондықтан осы жарыста жеңіске жетуді көздеп отырмыз. Бұған дейін мен Бакуде робототехника бойынша дүниежүзілік олимпиадаға қатысқанмын. Біз 2024 және 2025 жылдары Бакуде олимпиада өткіздік. Бұл шынымен де үлкен оқиға болды, біздің жарыста қазақстандық төрешілер де болды.
Бес жыл ішінде чемпионат Қазақстанның IT-бренді ретінде
танылды. Мұндағы барлық сайыс регламенттері отандық мамандардың өз авторлығымен
әзірленіп, әлемдік аренада мойындалған. Ал, чемпионат жүлдегерлері отандық жоғары
оқу орындарының білім гранттарына ие болады.

