Президент сайлауына кандидат ретінде ұсынылған үш кандидат Орталық сайлау комиссиясының тіркеуінен өткен жоқ. Олар Сайлау туралы конституциялық заңда белгіленген талапқа сай болмай шықты. Құзырлы орган Қазақстан құрылысшылар одағынан ұсынылған - Талғат Ерғалиевтің және оралмандардың «Асар» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған Хайрулла Ғабжалиловтың, сондай-ақ «Тәжірибелік психология» қоғамдық бірлестігінен ұсынылған Фатима Бизақованың кандидатурасы талаптарға сәйкес келмейтінін анықтаған.