Қазақстан мен Өзбекстан стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге мүдделі

Қазақстан мен Өзбекстан стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге мүдделі

Қазақстан мен Өзбекстан стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетуді мақсат етіп отыр. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Алматыда өткен бейресми кездесуде айтты. Өзбек басшысы Қазақстанға жұмыс сапарымен келді. Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай бейресми кездесулер жақсы дәстүрге айналғанын айтты.


Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:


- Бұл – бауырлас, достас мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында атқарылып жатқан жұмысты іскерлік сипатта тағы бір талқылауға орайлы сәт. Біз – одақтас елдерміз. Екі ел арасындағы ықпалдастық тұтас Орталық Азия өңіріндегі жағдайға тікелей әсер етеді.


Мемлекет басшылары екі елдің экономикалық дамуы аса маңызды екеніне тоқталды. Өзбекстан неғұрлым табысты дамыған сайын, біздің елдеріміз арасындағы тауарайналым да ширай түседі. Сауда-экономикалық ынтымақтастық та соғұрлым сапалы боалды.


Шавкат Мирзиёев, Өзбекстан Республикасының Президенті:


- Біз – одақтаспыз. Өзара сыйластығымыздың арқасында көптеген мәселе шешімін тауып келеді, екеуара уағдаластықтардың барлығы іске асырылып жатыр. Нақты нәтижелер бар. Сізді Қазақстанның зор табыстарға жетуімен құттықтаймын. Экономикаларыңыз дамып келеді. Мен әрқашан айтып келемін. Мықты Қазақстан болса, Өзбекстан да мықты болады. Бізді әлі де көп жұмыс істеуіміз керек. Үлкен ресурс пен резерв бар. Әрбір осындай бейресми жүздесулер біздің байланыстарымызға, барлық келісімдеріміздің орындалуына тың серпін береді.

Президенттер Алматы тау шаңғысы кластерімен танысты. Олар шаһардың туристік әлеуетіне жоғары баға берді. Курорт – Орталық Азиядағы қысқы және жазғы демалысқа лайық ең тартымды орындардың бірі. Қазақстан мен Өзбекстан басшылары «AlmatyFair.ai» көрмесіне де барды. Орталық Азиядағы ірі технопарктер альянсы – Central Asian Innovation Hubs туралы баяндалды. Былтыр Қазақстан мен Өзбекстанның ірі технопарктерінің лигасы стартаптар экожүйесін дамыту мен инновацияны ілгерілету мақсатында осы бренд аясына бірікті. Президенттер Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейіне барды. Мәртебелі меймандарға халық суретшісінің өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет берілді. Сонымен қатар, суретшісі Орал Таңсықбаевтың шығармашылығына арналған көрмені де аралап көрді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?