2024 жылы Қазақстан Ұжымдық Қауіпсіздік туралы Шарты Ұйымына төрағалық етеді. Ұйымның Парламенттік Ассамблеясының пленарлық отырысында еліміздің мәжіліс спикері Қазақстан төрағалығындағы басым бағыттарға тоқталды. Ерлан Қошановтың айтуынша, басымдықтардың қатарында ҰҚШҰ мүдделі елдермен және қауіпсіздік саласында жұмыс істейтін халықаралық құрылымдармен, соның ішінде БҰҰ, ТМД және Шанхай ынтымақтастық ұйымымен серіктестікті тереңдету мәселелері бар. Әскери кадрларды даярлау жүйесін, ұйымның әскери-ғылыми және бітімгершілік әлеуетін дамытуға қатысты нормативтік-құқықтық базаны жетілдірудің маңызы зор. Сондай-ақ қару-жарақтың, оқ-дәрілердің, есірткінің заңсыз айналымына қарсы бірлескен жұмысты күшейту жоспарланып отыр. Ұжымдық Қауіпсіздік туралы Шарты Ұйымының жауапкершілігіндегі аймақтарда төтенше жағдайлардың, киберқылмыстың алдын алу және олардың салдарын жою жөніндегі практикалық ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аударылады.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті
Мәжілісінің төрағасы:
– Минсктегі қараша айында өткен
Ұжмдық қауіпсіздік Кеңесінің сессиясында Қазақстан Республикасының Президенті
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан төрағалық еткендегі басым бағыттарды
белгіледі. Қазақстан ұйымдағы сабақтастық принциптерін ұстана отыра, Ұжымдық
Қауіпсіздік туралы Шарты Ұйымының дамуына бағытталған шараларды қолға алады.