Қасым-Жомарт
Тоқаев «Абу Дабидің орнықты даму апталығының» ашылу салтанатына қатысты.
Қазақстан Президентімен қатар шараға БАӘ, Әзербайжан,
Руанда, Өзбекстан көшбасшылары мен Малайзия, Жаңа Зеландия және Финляндия Премьер-министрлер, сондай-ақ саясаткерлер, қайта жаңартылатын
энергия көздері, технологиялық даму және инновация салаларындағы жетекші мамандар, инвесторлар мен кәсіпкерлер бар. Саммит барысында Мемлекет басшысы
Қазақстанның орнықты дамуға және климаттың өзгеруімен күреске бағытталған жұмысымен
бөлісті. Айта кетейік, Абу-Дабидегі саммит
– жасыл технология мен баламалы энергия
көздеріне инвестиция салуды ынталандыруға, БҰҰ-ның орнықты даму мақсаттарына
жету үшін инновациялық шешімдер іздеуге арналған
бірегей алаңдардың бірі. Шара аясында Біріккен Араб Әмірліктерінің
астанасында орнықты даму саласындағы үздік жетістіктерді атап өтетін беделді
сыйлығын тапсыру рәсімі өтті.
Қазақстан
мен БАӘ тауарайналымын 1 млрд долларға дейін ұлғайтуға ниетті
Бұған
дейін Қазақстан Президенті БАӘ президенті және іскер топтар
өкілдерімен келіссөздер жүргізді. Мемлекет басшысы
шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянға көрсеткен сый-құрметі мен қонақжайлығы үшін
ризашылығын білдірді. Қазақстан Президенті тараптар
арасындағы қарым-қатынас достық, сенім және өзара құрмет рухында дамып келе
жатқанын назарға алды. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ президентін
Қазақстанға келуге шақырды. Бүгінде Әмірліктер еліміздің экономикасына қаржы
құйған он ірі шетелдік инвестордың қатарына кіреді. Былтыр бұл елден келген
тікелей инвестиция көлемі екі есеге ұлғайды. Алдағы уақытта өзара алыс-берісті
1 миллиард долларға жеткізу мақсаты тұр.
Авторы: Әсел Күшенғалиева

