Қазақстанның орталық референдум комиссиясы жаңа Ата заң жобасына қатысты референдумның түпкілікті қорытындысын шығарды. Барлығы 9 млн 127 мың 192 адам өз таңдауын жасаған. Бұл дауыс беруге құқығы бар азаматтар санының 73,12% құрады. Олардың 87,15% жаңа Конституцияны қабылдау туралы мәселенің оң шешімін жақтап, дауыс берген.
Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық референдум комиссиясының төрағасы:
- Бұл ретте әр өңірде осы шешімді жақтап азаматтардың басым көпшілігі дауыс
берді. Осылайша, Республикалық референдум туралы заңнамадағы елдің 20 өңірінің
үштен екісінде дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан астамының оң
шешімді жақтап дауыс беруі туралы талап сақталды. Сондықтан жаңа Конституция
қабылданды деп танылады.

